Нұр-Сұлтанда құқықтық кеңес беретін «Сенім» онлайн қызметі іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда құқықтық кеңес беретін «Сенім» онлайн қызметі іске қосылды
ашық дереккөз

Қызметтің жаңа түрі тұрғындарға құқықтық кеңесті онлайн режимде алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. Аталмыш жоба қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Сенім» бірыңғай қызметінің мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін кеңейту, олардың қоғамдық ұйымдарға деген сенімін нығайту. «Алғашқы кезеңдегі жобаның пилоттық нұсқасында құқықтық кеңес 14 адамға ұсынылған болатын. Хабарласқан азаматтың барлығы өзінің құқықтық сауатын арттыруға мүдделі екенін айтты», – дейді заңгер Әсел Молдағалиева. Ол консультациялық қызметтің еліміздегі төтенше жағдай режимінде тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал екенін атап өтті. Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордадағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырып отыр. Байланыс телефоны: + 7 7172 64 34 78, 8 771 996 09 27, 8 702 172 6139.