Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобаларды талқылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобаларды талқылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115860247395885.webp)
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичженің төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Олардың табысты жүзеге асуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасылды.
Жүк тасымалы мен шекарадан өтуге байланысты мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жобаларды аяқтау үшін қажетті жабдықтарды уақтылы жеткізу бойынша нақты шаралар келісілді.
Тараптар түрлі салаларда жалпы сомасы 576 млн. АҚШ доллары болатын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөніндегі жоспарларды растады. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін 647 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қатысушылар COVID-19 жаһандық пандемиясымен күрес аясында гуманитарлық көмек көрсеткені үшін өзара алғыстарын білдірді. Екі ел аумағында эпидемия деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілді.
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)