С.Омаров: Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,2%-ға артты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![С.Омаров: Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,2%-ға артты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115866947256201.webp)
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің ауыл шаруашылығы дамуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құрады. «Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 2,3%-ға, оның ішінде сойыс салмақтағы еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстар кесіндісінде Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстары республикалық темптен жоғары болды», — деп мәлімдеді министр. Сондай-ақ ірі қара мал санының 4,1%-ға, қойдың 2,8%-ға, жылқының 7,9%-ға, түйенің 4,4%-ға және шошқаның 1,5%-ға өскені байқалады. Өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі дала және егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін барлық қажетті шара қабылданды, бүгінгі күні егіс жұмыстары толығымен аяқталды. Облыстар әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша егіс алаңдары 237,7 мың гектарға артып, 22,5 млн гектарды құрады. Нәтижесінде азықтық дақылдарға арналған алаңдар 312,1 мың гектарға, майлы дақылдар алаңдары 184,7 мың гектарға, бақша дақылдарына арналған алаңдар 7,4 мың гектарға, көкөніс алаңдары 3,9 мың гектарға, картоп алаңдары 2,5 мың гектарға ұлғайды. «Сапалы және уақтылы жүргізілген ылғалдылықты сақтау шаралары және егіс алдында жүргізілген топырақты өңдеу арамшөптерді барынша жоюға және топырақтың ылғалдылығын сақтауға ықпал етті. Егіс жұмыстары оңтайлы мерзімдерде жүзеге асырылды, нәтижесінде егін біркелкі және толығымен шықты. Фермерлер дер кезінде жеңілдетілген жанармаймен, сапалы тұқымдармен, тыңайтқыштармен, техникамен қамтамасыз етілді», — деді С.Омаров.
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)