Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асты
ашық дереккөз

Қазақстанда өткен тәулікте 215 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Өсім 1,7% құрады. Аймақтар бойынша: Павлодар облысында – 16 (6,0%) Шығыс Қазақстан облысында - 9 (4,7%) Қарағанды облысында - 41 (3,6%) Батыс Қазақстан облысында – 27 (3,3%) Жамбыл облысында - 11 (2,6%) Шымкент қаласында – 22 (2,3%) Нұр-Сұлтан қаласында - 42 (1,7%) Солтүстік Қазақстан облысында - 1 (1,6%) Алматы облысында – 5 (1,1%) Қостанай облысында – 3 (1,5%) Маңғыстау облысында – 3 (0,9%) Түркістан облысында - 3 (0,8%) Алматы қаласында - 22 (0,8%) Атырау облысында – 9 (0,7%) Ақмола облысында - 1 (0,6%). 361 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 13 074, емделіп шыққандар – 7 737, қайтыс болғандар - 58.