Жұмыс берушілер маман қажет болса қайда жүгіне алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмыс берушілер маман қажет болса қайда жүгіне алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115865823056740.webp)
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Бақытбек Қабжанов жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Ол жұмыс берушілермен тиісті келіссөздер жүргізілетінін жеткізді. Бұған қоса орталық директоры шағын және орта бизнес өкілдеріне, яғни жұмыс берушілерге қарата былай деді: «Біздің, яғни Жұмыспен қамту орталығының шараларына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Сіздерге қандай да бір маман қажет болса, бізге өтініш бере аласыздар. Біз жұмыссыздарды мемлекет тарапынан оқытып, сіздерге жұмысқа орналасу үшін дайындап жібере аламыз», - деді орталық директоры. Сөз арасында орталық Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтінін тілге тиек етіп, оның процесін қысқаша түсіндіріп өтті. «Жастар практикасының ақысы мемлекет тарапынан төленеді. Жас мамандар сіздерде жұмыс істейді, жалақысы мемлекет есебінен беріледі», - деді Бақытбек Қабжанов.
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)