Астанаға құрылыс тауарлары да еш кедергісіз өткізіліп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанаға құрылыс тауарлары да еш кедергісіз өткізіліп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122802232260709.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысы кезінде астанаға төтенше жағдай режимі кезінде азық-түлік тауарларынан бөлек, құрылыс материалдары да еш кедергісіз өткізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Құрылыс саласы экономиканың өсуінің негізгі драйверінің бірі болып саналатынын атап өткім келеді. Карантин аймағын блок постарында азық-түлік тауарларынан басқа инертті және құрылыс материалдары кедергісіз өткізілуде», - дейді әкім. Қала басшысы өз сөзінде карантин енгізілгелі бері өткізілген құрылыс материалдарының санына тоқталып өтті. «Карантин енгізілгеннен бастап қалаға 5 мың тоннаға жуық құрылыс материалдары және 4,5 мың тонна жол жөндеуге арналған материалдар жеткізілді. Құрылыс алаңдарында жұмысшыларға арналған жатақханаларға құрылыс компаниялары өз қызметкерлерін жатқызуда. Сонымен бірге құрылыс компанияларының барлық басшыларына санитарлық нормаларды қатаң сақтау тапсырылды, бақылауға алынды», - дейді Алтай Көлгінов.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)