Елорданың Есіл ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі биыл алғаш рет өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың Есіл ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі биыл алғаш рет өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115874241730513.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында жыл басынан бері алғаш рет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы ақпаратына сәйкес, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылды. Бірақ жақын арада бұл жерде Ақмола облысы аудандарының кәсіпкерлері өз тауарларын сататын болады.
Өткен жылдардағыдай жәрмеңке Сауран көшесі Есіл ауданының ХҚО алдындағы алаңда орналасады. Барлық кәсіпкерлер өз өнімдерін қала маңындағы жылыжай шаруашылықтары мен саяжай аумағынан жеткізіп отыр.
"Біздің екі мақсатымыз бар – елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру. Біз жергілікті өндірушілердің тауарларын делдалсыз сатуға жағдай жасаймыз. Сондықтан олардың құны нарықтық бағадан төмен. Өнімді сатар алдында міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексереді. Қазіргі уақытта жақын маңдағы Шортанды, Целиноград және Қорғалжын аудандарынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Уәкілетті органдар бірінші кезекте қажетті әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша бақылау жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өткім келеді", - деді Дарменияр Қыдырбекұлы.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл мүгедектер мен зейнеткерлерге көмек көрсетіледі.
"Елордалық "Нұр-Көмек" мүгедектер қоғамдық бірлестігі Есіл ауданы әкімдігімен жәрмеңкені ұйымдастыруға және қызмет көрсетуге келісім жасады. Күздің ортасына дейін біздің жәрмеңке сатып алушыларды өнімнің кең ассортиментімен және тамаша сапасымен қуантады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, жәрмеңкеге жақын тұратын мүгедектер мен зейнеткерлерге көмектесуге тырысамыз. Барлық демалыс күні оларға азық-түлік беріледі. Егер жәрмеңкенің қызметі осы ауданның барлық тұрғынына пайда әкелсе тамаша болар еді", - деп атап өтті "Нұр-Көмек" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айтуған Күзербаев.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)