Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялау жұмыстары екі ауысым бойынша жүргізіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялау жұмыстары екі ауысым бойынша жүргізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122802127411026.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев онлайн баспасөз конференциясы барысында астананы дезинфекциялау жұмыстары жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қаламыздағы тұрғын үй алаптарын дезинфекциялау жұмысы екі ауысым бойынша жүргізіледі. Яғни, күндіз де, түнде де жүріп жатыр. Дезинфекция жасалатын аумақтың тұрғындарына алдын ала хабарлама беріледі. Алдын ала үйлердің жеделсатылары тоқтатылады», - деді Алтынбек Қайсағалиев. Ол сондай-ақ дезинфеция жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің не себепті маскасыз жүретініне тоқталып өтті. «Дезинфекциямен айналысатын 470-тен астам адам маска киюге міндетті. Сол сияқты олар тазалық жұмыстары кезінде арнайы киімдер киеді. Қызметкерлердің маскасыз жүретін жағдайлары кездесіп жатса біз міндетті түрде анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз», - дейді елорда әкімінің орынбасары.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)