Коронавирус жұқтырғандардың 52 пайызы емделіп шықты – Біртанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус жұқтырғандардың 52 пайызы емделіп шықты – Біртанов
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте қазіргі уақытта коронавируспен қанша адамның ауырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінде еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 12 124 азамат. Олардың 77 пайызы симптомсыз науқастар екені анықталды. Соған қарамастан олардың барлығына мемлекет тарапынан медициналық-диагностикалық көмек тегін беріледі. Бұл медициналық көмек халықаралық ғылыми негіздегі хаттамаға сай жүргізіледі. Ал хаттаманы елімізге белгілі ғалымдар әзірлеп, бекіткен. Эпидемия басталғаннан бері хаттама 8 рет редакциялаудан өтті. Соның негізінде науқастардың 52 пайызы емделіп, ауруханалардан шығарылды. Нақтырақ айтқанда, олардың саны – 6 288. Қазіргі күнде 5 836 науқас тіркелді. Олардың медициналық бақылауда», – деді министр.