«Скутер» республикалық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Скутер» республикалық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады
ашық дереккөз

«Скутер» республикалық акциясы  1 маусымнан тамыздың 31-не дейін жалғасады. Бұл туралы Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеем жасап хабарлайды. Тіркеуге жатпайтын катамарандарды, ескекті және үрмелі қайықтарды есептемегенде Қазақстанда 18 мыңнан астам шағын көлемді кемелер тіркелген. Суға шомылу маусымы ашылған соң жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер көптеп жиналады. Тиісінше, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізетін кемелерде көлік оқиғаларының туындау тәуекелі артады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жыл сайын 1 маусымнан 31 тамызға дейін «Скутер» республикалық акциясын өткізеді. «Шара мақсаты - шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің су айдындарында апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерді болдырмау, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуын азайту», делінген хабарламада.