Елімізде коронавирус жұқтырған 6 мыңға жуық адам емделіп шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирус жұқтырған 6 мыңға жуық адам емделіп шықты
ашық дереккөз

Қазақстандық дәрігерлер 5 996 адамды коронавирустан емдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. «Коронавирус жұқтырған 55 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде: Шымкент қаласында – 17, Ақтөбе облысында – 4, Қызылорда облысында – 13, Қостанай облысында – 8, Атырау облысында – 13 адам», - делінген хабарламада. Бүгін сағат 12.00-ге дейін елімізде жалпы 5 996 адам үйлеріне шықты.