Елімізде карантин талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде карантин талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122802631133841.webp)
Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Карантиндік іс-шаралардың жиі бұзылуы сауда объектілерінің, ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының заңсыз жұмысымен байланысты. Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша мұндай қиын уақытта талап етілетін қорғаныс құралдары мен антисептиктерді заңсыз сатуға тырысатындар да табылатынын айтты. Полицейлер осындай 27 фактінің жолын кесті, 2 млн-нан астам медициналық маска, 4 мың қорғаныш костюмдері, 10 тонна дезинфекциялық өнімдер тәркіленді. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр. Ведомство басшысы сондай-ақ волонтерлермен бірлескен жұмыс туралы айтып, бүгінгі күні рейдтерге жеке қорғаныс құралдарымен арнайы киіммен қамтамасыз етілген 2 мыңнан астам ерікті қатысатынын хабарлады. Олардың көмегімен 240 құқық бұзушылық анықталды.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)