Бүгіннен бастап елорданың әуе кеңістігі толық жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгіннен бастап елорданың әуе кеңістігі толық жабылды
ашық дереккөз

2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00 - ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысына сәйкес елорданың әуе кеңістігі толық жабылды.

«2020 жылғы 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр – Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын», - делінген қаулыда.

Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.