Қазақстанға Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды
ашық дереккөз

1 маусымнан бастап Армения Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды. Бірінші күні қазақстандық есепке 105 автокөлік қойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Тіркеу жедел түрде жүргізілді және азаматтар қысқа мерзімде “Қазақстандық” техпаспорт пен нөмір алды. Автокөліктерді тіркеуде Атырау және Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары белсенділік танытты. Автокөлік иелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтардың мүддесі үшін ашық диалог өткізіп, проблемалық мәселені шешкені үшін алғыс білдірді. "Мен қалаған нөмірді алдым. Мұндай шешім үшін Үкіметке үлкен рахмет. Көптеген даулар мен диалогтар болды, бірақ шешті. Біз қазақстандық тудың астында, 01 нөмірімен жүретін боламыз, өйткені мен елорда тұрғынымын. Тек техпаспорт пен нөмір үшін ғана ақы төледім”, – деп өз пікірімен бөлісті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.  Азаматтарға қолайлы болу үшін барлық мамандандырылған ХҚКО-да және Cаll-орталықтарда туындаған мәселелер бойынша әкімшілік полиция қызметкерлері кеңес береді. Азаматтар, көбінесе, қайта жабдықталған автокөліктерге көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алу тәртібін түсіндіруді сұрайды. Заңнамаға сәйкес, бұл құжатты Сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынау зертханалары береді. Армениядан автокөлік сатып алған Қазақстан азаматтары оларды Қазақстан Республикасында тіркеу үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Арнайы ХҚКО-на келесі құжаттарды ұсынуы қажет: – жеке куәлік; – мемлекеттік немесе орыс тілдерінде расталған аудармасы бар техпаспорт; – көлік құралының мемлекеттік нөмірі; – мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер (мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге, техпаспорт үшін – 3 473 теңге, тіркеу үшін – 695 теңге).