М.Бектұрова: Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 4,25 деңгейіне жетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
М.Бектұрова: Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 4,25 деңгейіне жетті
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында астана тұрғындарының оқушаулану және көлік санының азайғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сергек» трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71% - ға азайғанын көрсетеді. Салыстыру үшін «Сергек» жүйесінің карантинге дейінгі  және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды. Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш -  «0,5» баллға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезінде – 4.6 баллға жететін. Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және т.б. қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал "4,5"- ға теңесуі мүмкін. «Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілуде! Осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болайық!» - деп жазады қала әкімінің орынбасары.