Елордада күн жылынғалы бері 3 адам суға кетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада күн жылынғалы бері 3 адам суға кетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115889625744123.webp)
[caption id="attachment_17645" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
«Бүгін, яғни 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жағажайда бас қосып, құтқару жұмыстарын көрсетпекпіз. Күннің жылынуына байланысты 25 мамырдан бастап ескерту жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, шомылатын 23 орынды анықтап, оның 3-еуіне рұқсат берілді. Олар: Орталық жағажай, Три пескаря, Күйгенжар ауданындағы астаналық алаң. Ал қалған 20 орында шомылуға болмайды. Қазір аудан әкімдіктерімен бірге тегін 10 жағажай ашу жоспарланып отыр», - дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы.
Сөз арасында айтылған 10 орын жақын уақытта ашылуы тиіс екені белгілі болды.
«ТЖД өз кезегінде Полиция департаментімен және «Қызыл крест» ұйымымен бірге үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірге 112 тыйым белгілері, 20 суда жүзу ескертулері (буйка) салынып, 20 ақпараттық стенд құрылды. 25 мамырдан бастап аталған 23 орында 80 адам күнделікті рейд жүргізіп жатыр», - дейді ол.
[caption id="attachment_17647" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
Волонтерлер жылында жастар да мұндай шаралардан қалыс қалмай, өз үлесін қосып жүр.
[caption id="attachment_17649" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
Осыдан кейін Төтенше жағдайлар департаменті құтқару жұмыстары қалай жүргізілетінін көрсетіп, арнайы бір адамды суға жіберді. Ол Есіл өзенінің ортасына жеткен соң суға батып бара жатқанын айтып, бар дауысымен көмек сұрайды. Сол маңайға жақын жерде жүрген құтқару қызметі дереу жетіп оны жағаға шығарып алды. Жағажай дәрігерлері жағада дереу көмектесіп, оның есін жиғызған соң алып кетті.
[caption id="attachment_17651" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
Біз көрген арнайы қойылым болғанмен, өкініштісі сол мұндай оқиғалар шомылу маусымы басталған сайын жиі кездесіп жатады. Бас қалада шомылу маусымы басталмай-ақ, рұқсат берілмеген орындарда суға кетіп қалғандар бар екен.
[caption id="attachment_17652" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
[caption id="attachment_17653" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
«Күннің жылынуына байланысты өкінішке қарай, қайғылы оқиғалар да тіркеліп жатыр. Қала бойынша 3 адам суға кетіп, қайтыс болды. Ал 2 адам суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды. Оның бірі қала маңындағы Қарасу өзенінде тіркелсе, қалған екеуі Газмаш аппаратура ауданында анықталды. Ал 2 адам Байқоңыр ауданында құтқарылды. Құтқарылғандардың бірі – 17 жастағы бозбала», - деп Есен Байыров ойын тәмамдады.
[caption id="attachment_17654" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat[/caption]
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)