Ел астанасында 1 651 адам карантинде жатыр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ел астанасында 1 651 адам карантинде жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122798746552451.webp)
ашық дереккөз
«Коронавирус жұқтырған 175 науқастың ішінде жақын қарым-қатынаста болғандардан да анықталды. Олар – отбасы мүшелері, қызметтегі әріптестері, бортта бірге болған жолаушылар. Карантиндегілердің саны - 735 адам. Олардың бәрі ауруханаға жатқызылды. Ал 916 адам үй карантиніне жатқызылды. Жалпы саны – 1 651 адам», - дейді басқарма басшысы.
Ол сөз арасында орташа есеппен алғанда 1 коронавирус инфекциясы үшін 9-10 адам карантинге жатқызылатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын қозғады. Сөзін жалғай отырып, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы белең алмас үшін атқарылып жатқан шаралардан хабардар етті.
«Бұл шара ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына халықаралық рейспен келген жолаушыларға жасалып жатыр. 22-30 наурыз аралығында 28 рейс келіп, 2 575 жолаушы оқшауландырылды. Олардың бәрінен зертханалық жұмыстар үшін биоматериалдар алынды. Қазірге дейін 2 063 лабораториялық зерттеу жүргізілді», - дейді басқарма басшысы.
Сәуле Қисықова өз сөзінде 25 рейстен 5 адамнан оң нәтиже алынғанын айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
Бүгін, 20:05
Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
Бүгін, 15:51
Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты