00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы ауданында 6 ана «Күміс алқа» иегері атанды

Алматы ауданында 6 ана «Күміс алқа» иегері атанды
ашық дереккөз

Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы көпбалалы аналарға алқа табыстады. Бұл жолы аудан әкімшілігінде 6 анаға құрмет көрсетіліп, барлығы да «Күміс алқа» иегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Ананың жұдырықтай жүрегінің әрбір лүпілі тек перзент деп соғады. Ұрпақтың өсіп-өнгенін, өмірдің жалғасқанын қалайды. Ана жүрегі сонысымен де құдіретті, - деді Мақсат Саматұлы құттықтау сөзінде.

Қазіргі таңда Алматы ауданында 8 500 көпбалалы отбасы бар. Осы жылдың басынан 38 анаға алқа табысталды. Оның 5-еуі – «Алтын алқа», 33-і – «Күміс алқа» иегері.

Еске сала кетейік, алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар – «Күміс алқа», ал жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар – «Алтын алқа» марапатына ие болады.