00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық дәрігерлер туғаннан деформациядан зардап шеккен жас қызды аяғынан тұрғызды

Елордалық дәрігерлер туғаннан деформациядан зардап шеккен жас қызды аяғынан тұрғызды
ашық дереккөз

Елордада академик Н.Батпенов атындағы ҰҒТОО дәрігерлері, бала кезінен ауырған, туа бітті остеогенезі жетілмеген, екі аяғының көп жазық деформациясы бар 25 жастағы қыз баланы аяғына тұрғызды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдау жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйектерінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды. Емдеу МӘМС жүйесі аясында жүргізілді

Қызылордалық 25 жастағы «А» есімді науқас екі аяғының ауыру тарихы бала кезінен басталған. Ол 2014 жылы алғаш рет елордадағы Травматология және ортопедия орталығына: «Мен өз аяғыммен жүргім келеді, маған көмектесіңіздерші» деген өтінішпен келген. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынған. Консервативті ем жүргізілген.

№2 ортопедия бөлімшесіндегі емдеуші дәрігері Әсет Нұрахметовтің айтуынша, тексеру кезінде науқас мүгедектер арбасының көмегімен қозғалатын. Фотосуретте екі жіліншіктің және оң жамбастың пішіні өрескел өзгергені – көп жазықты деформациясы, екі аяқтың бұлшық еттерінің гипотрофиясы байқалады.

Науқас бала кезінен бастап туа бітті остеогенез кемістігімен, екі аяқтың көп жазықты деформациясымен ауырған. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынған. Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдаулар жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйектерінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды, - деп түсіндірді дәрігер.

Академик Н.Батпенов атындағы ҰҒТОО-ның басты артықшылығы – дәрігер-мамандарының жоғары біліктілігінде.

Білікті дәрегерлердің және МӘМС арқасында жылдар бойы оңалтудан өтіп тұрғаннан кейін, мен қазір өз аяғыммен жүремін. Мені аяғыма тұрғызғандары үшін өмір бойы алғыс айтамын. Қазір белсенді өмір салтын ұстанамын, би билеп, тіпті сахнада ән айтамын», - деп қуанышымен бөлісті 25 жастағы науқас.

Кейін ол тұрғылықты жері бойынша емханадағы травматолог дәрігердің бақылауына ауысқан.