00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы колледждердің бірінде жылыжай ашылды

Елордадағы колледждердің бірінде жылыжай ашылды
ашық дереккөз

Астанадағы Сервис және туризм колледжінде жылыжай ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Жасыл мектеп» жобасы бойынша «Болат Өтемұратов қорының» бастамасымен ашылған салтанатты жиынға  Астана қаласы әкімдігінің және Болат Өтемұратов қорының өкілдері сондай-ақ елордалық колледж басшылары қатысты.

Жылыжайдың салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл әсіресе жас мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосады. Мұндай жылыжайлар көбірек ашыла берсін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, - деді Астана қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Хон.

«Жасыл мектеп» бағдарламасының басты міндеті – студенттердің биология және өсімдік шаруашылығы саласына қызығушылығын ояту және білімдерін кеңейту және сол арқылы қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

Біз үшін  бұл – қуанышты сәт. Басты мақсатымыз – студенттердің тәжірибелік білімін көтеретін осындай орталықтардың көбірек ашылуы. Жылыжайда жеміс-жидектеріңіз өсе берсін. Ары қарай да зерттеу жұмыстарын жүргізе беріңіздер. Істеріңізге сәттілік тілеймін, - деді Болат Өтемұратов қорының «Жасыл мектеп» жобасының менеджері Абай Нұрмаханов.

Сервис және туризм колледжі директорының айтуынша, қазіргі кезде 100-ден аса студент орман шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Қазір колледжде 124 студент орман шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ал қыстыгүні 36 студент оқуды бітіріп шықты. Жылыжайлардағы сабақтар оқу бағдарламасын практикалық сабақтармен толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқытушыларға қызықты факультативтік сабақтар өткізуге керемет мүмкіндік болады, - деді Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің директоры Салтанат Басыгараева.

Жылыжайда студенттер көкөністер, жидектер, көк шөптерді өсіреді. Ал шыққан өсім демонстрациялық жобалар мен шеберлік сыныптарында қолданылады.

«Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алатын студенттер мұнда жеміс-жидектердің, өсімдіктердің өсіру техникасын үйренеді. Әсіресе I және II курс студенттері осында дәнді дақылдардың тұқым кезінен бастап өнім алу кезіне дейінгі процесті меңгереді.  Бұған күніне 6 сағат берілген. Мұнда қияр, қызанақ, қызылша және т.б. өседі, - деді Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің  арнайы пәндер оқытушысы Анар Шәймерденова.

Сондай-ақ іс-шара соңында халықаралық экогастрономиялық Slow Food жобасы аясында «Жылыжайдан дастарханға» атты шеберлік сыныбы өткізілді.