00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

3 шілде күні елордада отшашу атылады

3 шілде күні елордада отшашу атылады
Фото: дереккөз

Астана күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде Ботаникалық бақта отшашу іске қосылады. Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» гүлзарының аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).