00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Байқоңыр ауданында 11 көше жөнделеді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Биыл Байқоңыр ауданында 11 көше жөнделеді
ашық дереккөз

Бұл туралы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Байқоңыр  ауданының әкімі өз баяндамасында ауданының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2023 жылға даму жоспарлары туралы мәлімдеді.  

2023 жылға арналған жоспарлар көп. Атап айтқанда, Алаш тас жолы, Әл-Фараби даңғылы, Пушкин көшелерінде ұзындығы 18,81 км 10кВ кабель желілері ауыстырылады. Уәлиханов көшесі, Пушкин көшесі, Иманов көшесі, Кенесары көшесі, Жаңажол көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Алаш тас жолы көшедерінде уақытша әуе кабель желілерін ауыстыру және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Көгалдандыру бойынша биыл 3 мың ағаш отырғызылады. Ұзындығы 11,7 км құрайтын 11 көше жөнделеді.  

Аудан аумағын санитарлық тазартуды 21 мердігерлік ұйым жүзеге асырады. Жиналатын аумақтың жалпы ауданы 16 млн. ш.м. Даңғылдар, көшелер, тұйық көшелер – 216. Даңғылдардың, көшелердің, тұйық көшелердің, орамішілік өткелдердің ұзындығы 309,3 км. Арнайы техника саны – 257 бірлік. Жол жұмысшыларының саны – 403 адам. Шұңқырлар саны 48 бірлік. ҚТҚ жинауға арналған нүктелер саны 599 бірлік. Қоқыс контейнерлерінің саны 2399 бірлікті құрайды. 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде 114 900 м3 қар шығарылды. Сондай-ақ арық-науа желісін тазарту бойынша жұмыстар уақтылы жүргізілуде, 14 000-нан астам арық кенті тазартылды, - деді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.