Елімізде коронавирус жұқтырудың өсу қарқыны 3 пайызды құрады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде коронавирус жұқтырудың өсу қарқыны 3 пайызды құрады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120617843844790.webp)
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Әлемде коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттану жағдайы әлі де тұрақсыз. Ауырғандар саны өсіп отыр. Бүгінгі күні әлемде барлығы 5 миллионға жуық адам ауырып, оның ішінде 324 мың адам көз жұмды. Қазір Қазақстанда 6969 жағдай тіркелді. Күнделікті емделіп шыққан адамдардың саны артып жатыр. Барлығы 3649 адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3 пайызды құрады. Оның ішінде 25 байланыста болған науқас, 28 скринингтен, 21 ауруханаға жүгінген кезде анықталды, 17 сырттан әкелінген жағдай», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)