Опера жұлдызы Жаннат Бақтайдың онлайн концертінің премьерасы өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Опера жұлдызы Жаннат Бақтайдың онлайн концертінің премьерасы өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212061143971017.webp)
«Астана Опера» YouTube арнасында 25 мамыр күні сағат 20:00-де «Жаннат Бақтай онлайнға шақырады» концертінің премьерасы өтеді. Бұл туралы Елорда Инфо театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Астана Операның» жетекші солисі, қазақстандық опера сахнасының жұлдызы арнайы өзіне жазылған шығарма туралы және композицияның алғаш рет осы музыкалық кеште орындалатыны туралы айтты. Сонымен қатар танымал әнші алдағы концертке дайындық жұмыстарынан алған эмоцияларымен бөлісіп, жобаға қатысқан әріптестері жайында сөз қозғады. «Бағдарлама таңдауда мен түрлі аспектілерді басшылыққа алдым. Барлық әртістер тәрізді мен де үлкен мереке – ұлы ойшыл, ақын әрі композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында өз музыкалық тартуымды жасағым келді. Бағдарламаға оның тыңдарман құлағына сіңген ең танымал әрі сүйікті әндерін енгіздім. Концерт аясында олар попурри түрінде орындалатын болады. Театрымыздың репертуарында ұлттық классиканың жауһары – барлық гастрольдерімізде беткеұстар қойылым ретінде ұсынылатын А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсы болғандықтан, әрине, осы операдан үзінді орындап бергім келеді. Көпшілік назарына сипаты жағынан халық әндеріне жақын келетін Ажар мен Айдардың дуэті ұсынылады. Концерт онлайн форматта өтетіндіктен, оның қабылдауға жеңіл болуын қаладым, сондықтан бағдарламаға күрделі арияларды енгізбедім, музыкалық кеш репертуарын эстрадалық композициялармен түрлендірдім», дейді Жаннат Бақтай. Концертке екі концертмейстер – «Астана Опера» опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахно және танымал композитор Әліби Әбдінұров қатысады. Сонымен қатар сахна төріне менімен бірге тамаша әріптестерім – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері Медет Чотабаев және болашағынан зор үміт күттіретін Нарұл Тойкенов шығады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)