Қадір түнін қалай қарсы алған жөн?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қадір түнін қалай қарсы алған жөн?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120617820457327.webp)
Пандемияға байланысты биыл мұсылман қауым Қадір түнін үйлерінде атап өтеді.
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың айтуынша, қасиетті түнге орай «Қазақстан» ұлттық арнасы мен Хикмет студиясы бірлесіп, діни-танымдық бағдарламаларды ұсынады.
[caption id="attachment_15444" align="aligncenter" width="696"] Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
«Аса рақымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын! Биылғы Рамазан айы алдыңғы Рамазандардан өзгеше. Өкінішке қарай, биыл Қадір түнін мешітте өткізе алмаймыз, өйткені, кешкі сағат 20.00-де мешіттер жабылады. Бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасы мен Хикмет студиясында әр түрлі бағдарламалар көрсетіледі. Нақтырақ айтатын болсақ, хазіретіміздің құттықтауы, Құран хатым дұғасы оқылады. Сондай-ақ, ҚМДБ жанындағы ғұламалар, мешіт имамдарының арнайы сұхбаты болады. Тікелей эфир түнгі сағат 22.20-дан түнгі 03.00-ге дейін жалғасады», - дейді ол.
[caption id="attachment_15445" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
Мұсылман сеніміне сай бұл түнде періштелер мұсылман үмбетінің дұға-тілектерін тыңдап, амал дәптерлеріне мол сауап жазады.
[caption id="attachment_15450" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
«Қадір түнінде көбірек Аллаға дұға жасау керек. Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Қадір түні қалай дұға етемін деп сұрағанда Алла Елшісі: «Уа, Раббым, Сен, әрине, кешірімдісің, жомартсың. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!» – деп дұға ет», - деген. Кешірім сұрау не үшін маңызды десеңіз, адам тәубе етіп, күнәсі кешірілген кезде адамның жүрегінде кеңдік пайда болады», - деп түсіндірді елорданың бас имамы.
[caption id="attachment_15446" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
Сондай-ақ, Қадір түнінде ғибадат етіп, көбірек ізгі амал жасаған жөн.
«Қадір түнінің ұзақтығы алты-ақ сағат. Осы уақытты құлшылықта, дұғада өткізсек, мұсылманның ырзық-несібесі еселенеді. Сондықтан, қасиетті түнді ұйқыда өткізу мұсылманға жараспайтын қылық», - дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы.
Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты мешіттерде ғибадат етуге байланысты шектеулер қойылып, санитарлық нормалар қатаң сақталуда.
[caption id="attachment_15447" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
«Әрбір мұсылман мешітке келіп жеке құлшылық жасай алады. Бірақ оның талабы бар: бетперденің болуы, қолғаптың болуы және антисептикалық тазартқыш заттарды қолдану, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау. Жеке құлшылық 15 минуттан артық болмауы тиіс. Екінші құлшылық түрі – Құран оқыту. Бізде арнайы 3 бөлме бар, әр бөлмеге он адамнан артық кірмейді. Үшінші рұқсат етілген құлшылық – некелесу. Жас жұбаймен қоса екі куәгер кіруге болады. Ал жамағатпен бірге көпшілік құлшылыққа әзірге рұқсат жоқ», - дейді Ерболат Жүсіпов.
[caption id="attachment_15448" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нариман Исаев өз сөзінде жамағаттың мешітте тек бесін және асыр намазды оқуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.
[caption id="attachment_15449" align="aligncenter" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat/Динара Киндербаева[/caption]
«Жұқпалы індеттің қаупі әлі сейілген жоқ. Мешіт қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп, халықты қарсы алады. Кіреберісте жамағатқа қолды зарарсыздандыруға арналған антисептик қойылған. Мешіттерде таң, ақшам, құптан намаздары оқылмайды, тек бесін мен екінті намаздары оқылады. Оқылғанның өзінде 1,5-2 метр арақашықтық сақталады. Санитарлық талаптарға сәйкес әзірше мешітте жұма намаз, жамағат намаз, тарауық намаздар оқылмайды. Әзірше осы тәртіпке бағынуымыз керек. Сондықтан халық оған түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз», - дейді наиб имам.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)