Елордада жұмысын қайта бастайтын қоғамдық орындарға қандай талап қойылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жұмысын қайта бастайтын қоғамдық орындарға қандай талап қойылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева алдағы уақытта жұмысын қайта бастайтын қоғамдық орындарына қойылатын талаптармен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өткен аптада елордада байқалған коронавирустық инфекциямен ауыру деңгейі тұрақтанудың оң динамикасына қарамастан, аурудың өсуі 5%-дан аспаған кезде, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін атап өткім келеді, себебі карантин шараларын босаңсыту кез-келген уақытта аурудың өсуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың талаптарын тек субъектілердің өздері ғана емес, сонымен бірге келушілер де қатаң сақтау керек», - дейді Жанна Пірәлиева. Ол сөз арасында жұмысына қайта кірісуі қарастырылып жатқан қоғамдық орындар жайлы қозғап өтті. «Қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссиямен 2020 жылдың 20 мамырынан бастап біздің қалада сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық және ойын орталықтарынсыз, фудкорттарсыз, кинотеатрларсыз) және қоғамдық моншалардың, сауналардың бассейнсіз, азық-түлік емес жабық базарлардың, сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын қайта бастау сұрақтары қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда бұл сұрақ біздің тарапымыздан қарастырылуда және қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы дайындалып жатыр», - дейді қаланың бас санитарлық дәрігері. Айтуынша бұл ретте көрсетілген санаттағы объектілердің жұмыс алгоритмдері әзірленді, онда жалпы санитариялық-шектеулерден бөлек ерекше талаптар көрсетілген: «Күнделікті жұмыс кестесімен сауда үйлері, сауда орындары мен сауда ойын-сауық үйлері, сауда бутиктерінде сатып алушылардың ең көп саны 5 адамнан аспайтын, сатып алушылар арасында 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау, кезекте, кассалық, сауда және киім өлшеу аймағында арнайы таңбалардың болуы сақталады. Ал монша және сауна үшін (бассейнсіз) жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) 30%-нан артық толмауы, күту залында адамдардың жиналуын болдырмау, персоналдың келушілермен тікелей байланысын азайту қарастырылады», - деді Ж.Пірәлиева.