Елордада коронавируспен ауырғандардың 47 пайызы емделіп шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада коронавируспен ауырғандардың 47 пайызы емделіп шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120617725814427.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанадағы эпидемиологиялық ахуалды мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта 1 022 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 67 пайызы – коронавиру инфекциясынан ем алушылар. Соңғы ақпаратқа сәйкес елордада коронавирусты 1 287 адам жұқтырғаны белгілі болды. Оның 84-і – 18 жасқа дейінгі балалар. Ал 62 пайызы – ер адам, 38 пайызы – әйел адам. 18-49 жас аралығында науқас 76 пайызды, 50-69 жастағылар 16 пайызды, 70 жастан жоғары 2 пайызды, балалар 6 пайызды құрап отыр», - дейді Сәуле Қисықова. Айта кетерлігі, ауырғандардың 47 пайызы бүгінгі таңда жазылып, 14 күндік үй карантиніне жіберілді. «Қазіргі таңда ауруханаларда 10 науқас тұрақты ауыр халде. Оның 2-еуі жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Қалған науқастардың халі қанағаттанарлық, емдеу жалғасуда», - деп басқарма басшысы түсіндіріп өтті.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)