Бүгін Халықаралық музейлер күніне арналған «Таңбалы түні» шарасы өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгін Халықаралық музейлер күніне арналған «Таңбалы түні» шарасы өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212061184606167.webp)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- музейі бүгін Халықаралық Музейлер күніне арнап «Таңбалы түні» атты музей түні іс- шарасын өткізеді. Бұл туралы Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мәдени шараның негізгі мақсаты- ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи- мәдени мұраларымызды кеңінен насихаттай отырып, музей ісінің қоғамдағы маңыздылығын арттыру. «Акция «Таңбалы» қорық-музейінің сапар-орталығынан бастау алып, «Таңбалы» шатқалындағы ашық аспан астында орналасқан жартас өнеріне саяхат және жаңа ғимараттың экспозициялық залынан экскурсия жұмыстарымен жалғасады. Сонымен қатар музейдің ғылыми қызметкері тарих ғылымының кандидаты, академик А.Уалтаеваның тақырыптық бейне-дәрісі ұсынылады», делінген хабарламада.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)