00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

МӘМС: Өткен айда астаналықтар 5,9 млрд теңгеден аса жарна аударды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
МӘМС: Өткен айда астаналықтар 5,9 млрд теңгеден аса жарна аударды
ашық дереккөз

2017 жылдың 1 шілдесі мен 2023 жылдың 31 қаңтары аралығында елордалықтардан медициналық сақтандыру үшін түскен жалпы сома 173,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Астана қаласы бойынша осы жылдың қаңтар айында МӘМС үшін елордалықтар 5,9 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде 3,2 млрд теңгеден аса сома – жұмыс берушілердің, 2,7 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізетін 8453 төлеушіден 13,3 млн. теңге түскен.  

Естеріңізге салайық, 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бір жылға алдын ала жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай-ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе жүйесіз төлем жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады,- деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.