Елордада барлық мектепке дейінгі ұйым жұмысын қашан бастайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада барлық мектепке дейінгі ұйым жұмысын қашан бастайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120622110820523.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова балабақшалардың жұмысы жайлы айтып берді, деп хабаралайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір мектепке дейінгі ұйымдарға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналар арасында мониторинг жүргізіліп жатыр. Ол үшін ата-аналар өздерінің тәрбиешілеріне балабақшаға баратыны туралы бір күн бұрын хабарлауы қажет. Әрбір балабақшада кезекші топтардың жұмыс алгоритмі әзірленді. Барлық нысан санитарлық талаптарға сәйкес дайындалды. Мектепке дейінгі ұйымдардың аумағы мен ғимараттарды өңдеу, жинау, дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қажетті қорғаныс құралдары қосымша сатып алынды. Балалар учаскелік педиатрдың баланың денсаулық жағдайы туралы берген анықтамасы болған жағдайда қабылданады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен дене қызуын міндетті түрде өлшейді. Осыған байланысты ата-аналарды қауіпсіздік үшін жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Ал бірінші маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымның жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарланып отыр», - деді Шолпан Қадырова брифингте. Оның айтуынша, арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырда жұмысын бастауға дайын.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)