Балабақшадағы кезекші топта бала саны 15-тен аспауы тиіс - басқарма басшысы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Балабақшадағы кезекші топта бала саны 15-тен аспауы тиіс - басқарма басшысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120626542427766.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова балабақшалар жұмысы жайлы айтты, деп хабаралайды Елорда Инфо тілшісі. «18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі барлық білім беру мекемесі кезекші топ режимінде жұмысын бастауға дайын. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, балабақшаларды ашамыз. Балабақшалар санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналардың, одан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Әрбір мектепке дейінгі ұйымның кезекші тобында бала саны 15-тен аспауы тиіс. Балабақшаға келмеген баланың орны сақталады. Бір топта бала саны 15-тен асса, сол балабақшада басқа да кезекші топтар ашылады», - деді Шолпан Қадырова брифингте.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)