Сәуле Қисықова қала тұрғындарын карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сәуле Қисықова қала тұрғындарын карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212062599562138.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте карантин уақытының қашанға дейін созылатыны тұрғындардың өздеріне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «13 мамырдан бастап қаладағы барлық емханада провизорлық стационар ашу ұйымдастырылды. Онда қажет болған жағдайда тұрғындарға денсаулығына байланысты жұмыстан уақытша босатылу, ақысыз еңбек демалысына шығу үшін анықтама беріледі. Осыған байланысты Желтоқсан көшесі, 34 мекенжайындағы мекеме өзінің жұмысын тоқтатты. Енді ЖРВИ-мен ауырған науқастар аумақтық аурухана мен түнгі уақытта Теміржол ауруханасына жеткізілетін болады», – деді Сәуле Қисықова. Сонымен қатар басқарма басшысы елімізде ТЖ режимі тоқтатылғанмен, карантин тәртібінің әлі де күшін жоймағанын, ал оның қай уақытқа дейін созылатыны тұрғындардың санитарлық тәртіпті қаншалықты сақтауына байланысты болатынын атап өтті. Сондықтан Сәуле Қисықова қала тұрғындарын карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)