Елордадағы 5 вирусологиялық зертхана күніне 3,2 мың тексеріс зерттеу жүргізеді – Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы 5 вирусологиялық зертхана күніне 3,2 мың тексеріс зерттеу жүргізеді – Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120627128351369.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте елордадағы 2 емханада тұрғындарға тексеріс жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралуы әлі де жалғасып жатыр. Қалада 5 вирусологиялық зертхана жұмыс істеп тұр. Оның қуаты күніне 3 200 тексеріс жүргізуге қауқарлы. 29 443 экспресс-тест сынағы алынды. Сонымен қатар қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралмауының алдын алу мақсатында Алматы мен Байқоңыр аудандарының тұрғындары үшін №6 емханада, ал Есіл және Сарыарқа аудандарының тұрғындары үшін №9 емханада сынама алуға арналған пункттер ашылды. Осы екі емханада бүгінге дейін 4 мыңға жуық адам тексерістен өтті. Оның 1 200-ден астамы жүкті әйелдер. Өкінішке қарай олардың арасында да коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. Егер тексерістен өткендерден симптомсыз вирус анықталса, инфекциялық стационарға 3-4 күнге жатқызылады. Ал егер олардан клиникалық симптом анықталмай, патологиялық өзгеріс болмаса, дәрігердің шешімі бойынша эпидемиологтардың келісімімен үй карантиніне шығарылады. Содан кейін оларды дәрігерлер қашықтықтан бақылауға алады», – деді басқарма басшысы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)