Астанада коронавирус жұқтырған науқастардың 44 пайызы жазылып шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада коронавирус жұқтырған науқастардың 44 пайызы жазылып шықты
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы эпидемиологиялық жағдай жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 173 адам анықталды. Оның ішінде 518 немесе 44 пайыз науқас жазылып, 14 күндік үй карантиніне шықты. Бүгінде ауруханаларда зертханалық тексеру және ем қабылдау мақсатында 1 423 адам жатыр. Оның ішінде 661 азамат коронавирус инфекциясын емдеушілер, ал 51-і - бала», - деді С.Қисықова брифингте.