Елордадағы жаңадан салынған инфекциялық ауруханада қанша науқас ем алып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы жаңадан салынған инфекциялық ауруханада қанша науқас ем алып жатыр
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдіктің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте жақында ғана салынған елордадағы инфекциялық орталық туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «23 сәуірден бастап жаңадан салынған 200 орындық инфекциялық орталық пайдалануға берілді. Соның ішінде жансақтау бөлімінде 20 орын қамтылған. Заманауи орталықта палаталар мен ғимараттың ішінде желдеткіштер орнатылған. Онда науқастар мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін сақтау үшін барынша жағдай жасалған. Кір және таза аумаққа бөлінген. Сонымен қатар аз орынды палаталар бар. Яғни онда инфекция жұқтырған науқастарды оқшаулауға мүмкіндік болады. Бұл ауруханада 71 дәрігер, 122 орта білімді медицина мамандары, 139 кіші медициналық персонал мамандары жұмыс істейді. Сондай-ақ орталықта коронавирус инфекциясы, пневмония диагностикасы анықталған ауыр халдегі науқастарды компьютерлік томографияға түсіруге мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде инфекциялық орталықта 178 науқас ем алып жатыр. Оның 6-ы – бала», – деді басқарма басшысы.