Қисықова елордада коронавирустан көз жұмған екі азамат туралы мәлімет берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қисықова елордада коронавирустан көз жұмған екі азамат туралы мәлімет берді
ашық дереккөз

[caption id="attachment_14734" align="alignnone" width="1200"] Фото интернеттен алынды[/caption] Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанада коронавирустан көз жұмған екі азамат туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өкінішке қарай, кеше Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус дертінен екі азамат қайтыс болды. Бірінші науқас 1958 жылғы Қазақстан азаматшасы он күндей үйінде өз-өзін емдеген. 31 наурыз күні жағдайы ауырлағанда жедел-жәрдем арқылы жұқпалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Жағдайының ауырлығына байланысты 18 сәуірде республикалық қарқынды терапия орталығына ауыстырылды. Науқасқа қажетті ем шаралары жүргізілген. Бірақ реанимациялық іс-шараларға қарамастан азаматша 13 мамыр күні қайтыс болды», - деді С.Қисықова брифингте. Оның айтуынша, екінші науқас 1977 жылғы Қазақстан азаматы жанұясында коронавирус жұқтырған туысымен жақын қатынаста болған. Осыған орай, төрт күн үй карантинінде болған. 17 сәуірде жедел-жәрдем қызметі арқылы жұқпалы ауруханаға келіп түскен. Емдеу хаттамасына сәйкес ем жүргізілді. Алайда жағдайы ауырлағандықтан 22 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Науқас соңғы екі жылда қосымша аурулары бойынша емханада тіркеуде болған. 13 мамырда қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды.