Құрылыс пен жасыл белдеу елордадағы түтіннің түзілуіне себеп болды – А.Пірімқұлов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Құрылыс пен жасыл белдеу елордадағы түтіннің түзілуіне себеп болды – А.Пірімқұлов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120660012387246.webp)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов онлайн брифингте елорда атмосферасында түтіннің қандай жағдайда болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Вице-министр өз сөзінде Нұр-Сұлтанға әкелінетін көмір отынының сапасы министрлік тарапынан бақыланбайтынын тілге тиек етті. «2000 жылдардан бері елордадағы құрылыстың қарқынды жүргізілуі мен жасыл белдеу ауқымының кеңейтілуіне нәтижесінде қаладағы климат жақсарды. Алайда желдің соғуы бәсеңдеді, яғни желсіз күндер 30 пайызға артты. Бірақ өкінішке қарай бұл жағдай ауада түтіннің түзілуіне әкеп соғады. Өздеріңізге белгілі Энергетика министрлігі мен қалалық әкімдік газификация жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмысты бір жылдың ішінде аяқтау қиындау. Дегенмен ЖЭО-лар мен жекеменшік секторлар газбен жылытуға көшкен кезде Нұр-Сұлтандағы түтін мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан алдағы жылу беру маусымында қалада түтіннің түзілмеуі үшін барынша тиісті жұмыстарды жүргізетін боламыз», – деді ол.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)