Ауаға қалдық тарататын кәсіпорындар жаңа қолжетімді технологияларға көшеді – вице-министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауаға қалдық тарататын кәсіпорындар жаңа қолжетімді технологияларға көшеді – вице-министр
ашық дереккөз

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауаға қалдықтар тарататын кәсіпорындардың қолжетімді технологияларға көшетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Еліміздегі экологиялық жағдай өте ауыр. Соңғы бір айда Теңізде апат болып, пештің тоқтауына байланысты ауаға күкіртті газ таралды. Сол сияқты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да ЖЭЦ-тің шатырлары өртеніп, атмосфераның бұзылуына әкелді», - деп сөзін бастады. Сөз арасында вице-министр экологиялық өзгерістерге тоқталып өтті. «Экологиялық кодекс ең жақсы қолжетімді технологияларға көшуді көздейді. Бұл норманы әзірлеу және енгізу кезінде біз бұл өнеркәсіп кәсіпорындарының едәуір шығындарын талап ететінін білдік. Алайда, мұндай шығындарсыз мүмкін еместігін әрі Теміртау, Балқаш, Өскемен, Қарағанды және т. б. сияқты қалаларда қоршаған ортаның сапасы мәселесін шешу мүмкін еместігін білеміз. Бұл механизм тек 2025 жылдан бастап қолданыла бастайтынын атап өткен жөн. Бірінші кезекте бұл ел бойынша эмиссияның 70%-ын шығаратын 50 ірі кәсіпорынға ғана қатысты», - дейді Ахметжан Пірімқұлов. Ол экологиялық кодекс жобасында қоложетімді технологиялар енгізуден бас тартқаны үшін кәсіпорындарды жабу туралы қозғалмайтынын мәлім етті. «Қолжетімді технологиялар енгізуді ертерек бастауды өздері ұсынып жатқан кәсіпорындар бар. Мысалы, «Қазмырыш» АҚ министрлікпен 2020 жылдан бастап ең жақсы қолжетімді технологияларға көшу туралы меморандум жасасты, ол кәсіпорынның шығарындыларын таяу 3 жылда 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл мысал кәсіпорын осы жылдар бойы ластануды азайтып, өндірісті жақсартып, дайындықты көрсетеді», - деді спикер.