Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күшіне айнала ала ма

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күшіне айнала ала ма
ашық дереккөз

Ресми деректер бойынша елімізде 250 мың мүмкіншілігі шектеулі жан тұрады. Бұл мәлімет бейресми деректерде екі еселеніп те айтылып жататын сәттер кездеседі. Бір өкініштісі, бүгінгі заманда олардың орнығып, қоғамның «кірпіші болып қалануы» қиынға соғып жатады. «Денсаулығы қалыпты жұмыстарға жарамсыз» деген жұрт арасындағы жаңсақ пікір де ерекше қажеттілігі бар жандардың тұрақты жұмысқа орналасуына кедергі болып келеді. Дегенмен елімізде әлеуметтік кәсіпті нәсібіне айналдырып, қоғамнан шет қалған жандардың күнкөрісіне себеп болып жүргендер де жоқ емес. Жақында Елорда Инфо редакциясы Эмин Аскеров жетекшілік ететін «Green TAL» ұйымының жұмыс барысымен танысып шықты. [caption id="attachment_14857" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Эмин Аскеров әлеуметтік кәсіпті қолға алғанына биыл бесінші жыл. Алғашында кәсібін тоқымашылықтан бастапты. Әлеуметтік бағытты қолға алған соң ерекше қажеттілігі бар, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырған екен. Бұл саланың қиындығы сол – сұраныс болмаған соң еңбегі мен түскен табысы сай келмей, 5,5 млн теңге жоғалтыпты. Бизнестің бастапқыдағы шыжығын кейіпкеріміз былай әңгімелеп берді: «Бұл саланы 2015 жылы қолға алдым. Назарбаев университетінде жұмыс істеп жүргенімде өзімді басқа бір қырымнан көргім келіп, әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын ұстандым. Ол кездері бұл сала Қазақстанға енді-енді келіп жатқан кез болатын. Жұртшылық үшін таңсық дүние еді. Бұл идея маған бірден ұнай кетті. Өзімді бизнесмен ретінде елестететінмін әрі өзгелерге көмектесуді ұнататынмын. Міне осылай екеуін біріктіріп, өмірлік пайдама жаратып жүрмін. Бастапқыда тоқымашылықтан бастадық. Кәрзіңке, құмыра секілді дүниелер тоқитынбыз. Бір жыл жұмыс істеп көрдік. Бірақ айналым жүрмей, үлкен минусқа кіріп кеттім. Әлі есімде, 2016 жылы 5,5 млн теңге жоғалттым. Идеямыз жүзеге аспай қалды. Бәрін басынан қайта қарап шығып, артық-кемшіліктерімізді сараптап шыққан соң тоқымашылықты тоқтатып, орнына шеберхана, тігіншілік цехын аштық. Міне кәсібіміз осыдан барып өрге дөңгелей бастады», - деп тәжірибесімен бөлісті. [caption id="attachment_14852" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Сөзін жалғай отырып, қазіргі уақытта көңілі мен ниеті бар кез келген адамды жұмысқа қабылдауға дайын екенін жеткізді. [caption id="attachment_14858" align="alignnone" width="800"] Шеберханадан көрініс[/caption] «Ниет білдірген адамның жеке өмірі, жұмыс өтілі, отбасылық жағдайы, ол көпбалалы немесе жалғызбасты ана болсын, ауру деңгейінің жоғарылығы, мүгедектіктің барлық деңгейі, тіпті жазасын өтеп, темір тордың арғы бетінен келсе де маған қызық емес, жұмысқа қабылдауға дайынмын. Тек басты талабым – жұмыс істеуге деген ынтасы мен жігері. Қалғанын өзіміз үйретіп аламыз. Жұмыс істеуге қызығушылығы болмаса сау адамды да орналастыра алмаймын. Соңғы үш жылда біз денсаулығында ментальдық ақаулығы бар, шизофрения диагнозы қойылған жандарды қабылдап келеміз. Қазір «Green TAL» ұйымында жұмыс істейтін 62 адамның 55-і – әлеуметтік осал топтан шыққандар. Бізде командировка жасау жүйеміз бар. Өзіміздегі түрлі бағыттардың әрқайсысында жұмыс істетіп, дамытуға көмектесеміз. Бұл олардың тәжірибе жинауына септігін тигізеді. Бізден кеткен жағдайда өз кәсібін бастап, өз күнін өзі көруіне пайдасы тиеді», - деп Эмин Аскеров ойын жеткізді. [caption id="attachment_14848" align="alignnone" width="800"] Фото: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat. «Green TAL» автожуу кешені[/caption] «Green TAL» қазіргі уақытта 9 түрлі бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Олардың арасында тігіншілік, полиграфия, декоративті бағыт, киізден кілем басу секілді салалар бар. Бұл ұйымның құрамында әлеуметтік кафе мен әлеуметтік автожуу кешендері де жұмыс істеп тұр. [caption id="attachment_14856" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] «Төтенше жағдай режиміне байланысты «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде орналасқан кафеміз жұмыс істемей, тоқтап тұр. 18 мамырдан бастап жұмысына қайта кіріседі. Жалпы әлеуметтік кәсіп мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдаумен ғана шектелмейді. Бұл сала қоғамның проблемалы тұсын шешуге бағытталады. Мысалға білім, экология, денсаулық сақтау салаларында түрлі қиындықтар бар. Біз әлеуметтік осал топтың жұмысқа орналасу мәселесін шешуді таңдап алдық», - дейді кейіпкеріміз. [caption id="attachment_14853" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Эмин Аскеров әлеуметтік кәсіптің өзгелерінен айырмашылығын, қиындығы мен шыжығын былайша түсіндіріп берді. «Әдетте қарапайым бизнес негізінен пайда көріп, ақша табу үшін жүргізілсе, әлеуметтік кәсіпкерлердің басты мақсаты – қоғамның әлеуметтік проблемасын шешуге атсалысу. Біз, әлеуметтік кәсіпкерлер түскен табысты өз қалтамызға толықтай сала салмаймыз. Табыс түсіп жатқан бөліктеріне инвестиция жасауымыз керек. Сол себепті әлеуметтік кәсіптің заңы бойынша үнемі қозғалыста болып, бір бағытпен шектеліп қалмай, дамып отыруымыз қажет. Міне, біз 5 жыл ішінде 9 бағытта жұмыс істеп, дамып келеміз. Әрине, бұл салада бірден мол қаржыға кенеліп, тікұшақпен ұшып жүре алмайсың. Мысалға Назарбаев университетінде жұмыс істеп жүргендегі табысым қазіргіден көп болатын. Бірақ әлеуметтік салада ақшадан да құнды рухани дүниелерге ие боласың. Қоғамнан өз орнын таба алмай жүрген жандардың бір саланы меңгергенін, олардың өзгеріп жатқанын көріп ләззат аламын. Бұл еңбегіміздің еш кетпегенін білдіреді», - деп әсерімен бөлісті. [caption id="attachment_14854" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Айтуынша, тігін цехында қызметкерлердің айлық табысы 80-120 мың теңге аралығын құраса, шеберхана цехында 150 мың теңгеден басталады. Әңгіме арасында елордадан ұзаған сайын мұндай жандардың жұмысқа орналасуы тіптеп қиын екенін айтып, проблеманы қозғап өтті. «Green TAL» жақын уақытта Тараз бен Павлодар қалаларында өз филиалын ашпақ. [caption id="attachment_14855" align="alignnone" width="720"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды: Есту қабілетінен айырылған жан[/caption] Елімізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында әлеуметтік кәсіп өзге өңірлермен салыстырған жылдам дамып келеді. Қазір бізде бұл саланы дөңгелетіп отырған 250-ге тарта кәсіпкер бар. Бірақ сөз басында айтып өткеніміздей, 250 мың адамға бұл аздық етері сөзсіз.

Автожуу кешені арта түспек

Эмин мырзамен кездесуіміз жаңадан ашылған автожуу кешенінде өтті. Бұл кешен екі апта бұрын, яғни карантин тәртібі жеңілдетілген соң ашылыпты. Қазір мұнда 8 адам нәпақасын тауып отыр. [caption id="attachment_14847" align="alignnone" width="800"] Автожуу кешенінен көрініс[/caption] «Олар осы екі апта ішінде өздеріне таңсық жұмысты өте жылдам меңгеріп алды. Шағым айтып келген клиент болған емес. Олармен жұмыс істеудің ең ыңғайлысы өз жұмысына жүрдім-бардым қарамайды. Сапасына барынша мән береді. Әдеттегі уақыттан аздап ұзағырақ жууы мүмкін. Бірақ келген көлікті жылтыратпай жібермейді. Мысалға шизофрения диагнозы бар жандар бірнәрсені беріліп жасайды. Ал ментальды бұзушылық диагнозы қойылған қызметкерлеріміздің ойлау қабілеті өзгешелеу. Олар асықпай, әр ісіне мұқият қарайды», - деп ерекшелігімен бөлісті. [caption id="attachment_14850" align="alignnone" width="800"] Мұнда 8 адам жұмыс істейді[/caption] Автожуу кешенінде бірінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер 7 сағат жұмыс істесе, үшінші топтағылардың уақыты – 8 сағат. Қазір жалпы жұмыс күні 7-8 сағатқа ғана созылады. Карантин тәртібі жеңілдетіліп, рұқсат берілсе автожуу орны үш ауысымға көшіп, тәулік бойы қызмет көрсетпек. Мұнда жұмыс істеуге ниет білдіріп отырғандар бар, 24 сағаттық тәртіпке көшкенде оларды қабылдау жоспарланып отыр. [caption id="attachment_14859" align="alignnone" width="800"] Фото: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat[/caption] «Автожуу кешенін ашқанымызға көп болған жоқ. Қазір мұнда орташа есеппен күніне 10 көлік келеді. Қазір шағын және орта кәсіпорындары толық ашылмағанын ескерер болсақ, олардың саны да артады деп күтіп отырмыз. Міне бүгін астанада күн құбылып, жаңбыр себелеп тұр (еріксіз жымиып күлді). Бір-екі күнде көлік жуатындардың кезекті толқыны келеді. Бұл жердің жұмысын бір жолға түсірген соң тағы бір кешенді жалға алып, филиалын ашуды ойлап жүрмін. Бастысы сұраныс бар. [caption id="attachment_14851" align="alignnone" width="800"] «Green TAL» әлеуметтік осал топтан шыққан 55 адамды жұмыспен қамтып отыр[/caption] Шынымды айтайын, маған қарапайым адамдарға қарағанда ерекше қабілеттілігі бар жандармен жұмыс істеген әлдеқайда ыңғайлы. Олардың мотивациясы әлдеқайда жоғары. Өздерінің жұмыс істеуге қабілетті екенін дәлелдегісі келеді. Тіпі физикалық тұрғыда менен әлдеқайда күштірек. Мен кешкі 6-ға таман шаршап, аяғымды әрең басып тұрсам, олар тағы жұмыс істеуді сұрап тұрады. Кешкі 9-ға дейін қиналмай жұмыс істей алады. Ал табысы әр көліктен түскен ақшаның белгілі бір пайызын алып отырады», - деді ол.

Әлем елдеріндегі жағдай

Эмин Аскеров дүниежүзінде кәсіптің бұл түрі кеңінен дамыған елдердің жағдайымен бөлісіп өтті. [caption id="attachment_14860" align="alignnone" width="700"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] «Ұлыбританияда 70 мың, АҚШ-та 165 мың әлеуметтік кәсіпкер бар. Олар қазір елдің жалпы ішкі өніміне өз үлесін қосып келеді. Мысалға ағылшын еліндегі ЖІӨ-нің 10 пайызы әлеуметтік кәсіптің салығынан түседі. Бұл шамамен 400 млрд фунт стерлингті құрайды. Бұл тек қана салықтан түскен табыс. Осыған қарап-ақ әлеуметтік саланың дамуы мемлекетке қаншалықты пайда түсіретінін бағамдауға болады. Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша еліміздің өңірлерін де, өзге мемлекеттерді де аралап шығамын. Байқағаным, қазір кәсіптің бұл бағыты жаңа трендке ие болып келеді. Мәселен Ресейде былтыр Владимир Путиннің жетекшілігімен әлеуметтік кәсіпкерлік туралы арнайы заң қабылданды. Біздің мемлекет те қызығушылық танытып келеді. Биыл 7 ақпан күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездестім. Президент елімізде осы саланың кеңінен таралуына қызығушылық танытып отырғанын білдірді», - деді Эмин мырза. [caption id="attachment_14861" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] «Төтенше жағдайға байланысты биыл жыл соңына дейін салық төлемейтін болдық. Бұл бізге үлкен көмек болып отыр. Ал осыған дейін өзге кәсіпорындар секілді тұрақты салық төлеп келдік. Мемлекет басшысы қызығушылық танытқан соң бұл саланың аяқ алысы қуантарлық деңгейге жетеді деп үміттенемін. Елімізде әлеуметтік кәсіп алдағы уақытта экономиканың төртінші секторына айналады деп есептеймін», - деп әңгімесін аяқтады. [caption id="attachment_14862" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Қорыта келе айтарымыз, әлем елдеріндегі оң үрдіс Қазақстанда да көрініс табуы тиіс. Бұл саланың елімізде аяқ алып келе жатқаны күні кеше ғана. Сол себепті бастапқыда табысынан шығыны көп болуы да заңдылық. Алғашқы жылында-ақ 5,5 млн теңгеге шығындалған соң қайта күш жинау кез келген кәсіпкердің қолынан келе бермейді. Мұндайда мемлекет тарапынан жасалатын кез келген қолдау біздегі 250 мың адамның өз күнін өзі көрумен ғана шектелмей, ел бюджетіне де пайдасын тигізер еді. [caption id="attachment_14863" align="alignnone" width="800"] Фото Эмир Аскеровтің Facebook парақшасынан алынды[/caption]