Қазақстан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасына техникалық аудит жасауға қатысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасына техникалық аудит жасауға қатысады
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен Шымкент қаласында кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қос мемлекет басшылары Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиеевтің жуырдағы келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру үшін тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су шаруашылығындағы кең ауқымды маңызды мəселелерді талқылады.