Былтыр қазақстандық инвесторлар шетелге 2,7 млрд доллар инвестиция құйды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр қазақстандық инвесторлар шетелге 2,7 млрд доллар инвестиция құйды
ашық дереккөз

Өткен 2019 жылы қазақстандық бизнесмендер әлемнің түрлі елдеріне жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлді, деп хабарлайды Елорда Инфо Finreview.info-ға сілтеме жасап. Алайда соңғы бес жыл ішінде шетелге тікелей инвестициялардың кетуі 2,6 есе азайыпты. Көбінесе қаражат Кипрге, Нидерланды мен Кайман аралдарына жіберілген. Бұл елдерге шамамен 1,4 млрд АҚШ доллары аударылған. Капитал шығарылатын негізгі қызмет түрі сақтандыру және зейнетақы қорларын қоспағанда, қаржылық қызметтердің кең саласы болып саналады. Инвесторлардың пікірінше, капиталдың елден кетуі Қазақстанның банктер депозиттеріне балама құралдарының нашар дамығандығымен байланысты. Мысалы, жеке тұлғалардың капиталын ұстап тұруға және көбейтуге бағытталған, жалпы сомасы 100 мың доллардан асатын private banking қызметін 27 қазақстандық банктің 10-ы ғана ұсынады. Қызметтің бұл түріне сұраныс төмен болып қала береді, өйткені қазақстандықтар көбінесе халықаралық банктерге қаражат бөледі. Сондықтан, Қазақстанның қаржы секторы private banking нарығының әлеуетін жіберіп алады, оның көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрайды.