00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Елорда жастары» бағдарламасына қанша ақша бөлінді?

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Елорда жастары» бағдарламасына қанша ақша бөлінді?
ашық дереккөз

«Отбасы банкінің» Орталық филиал басшысы Жансұлтан Матаев «Елорда жастары» бағдарламасына осы уақытқа дейін қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Елорда жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға осыған дейін «Отбасы банк» 2,1 млрд теңге, Астана қаласының әкімдігі жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге қаражат бөлген болатын. Биыл тараптардың әрқайсысы тағы 1 млрд теңгеден бөлмек. Осылайша, бағдарламаны қаржыландыруға бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 6,6 млрд теңгеге тең болады деп жоспарланып отыр, - деді Орталық басшысы Elorda.info сайтына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: «Елорда жастары» бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

Оның айтуынша, бөлінетін ипотекалық несиенің жоғарғы шегі 18 млн теңге шамасында қалмақ.