Жеке көліктерге блок бекеттерден себепсіз шығуға рұқсат жоқ - Дария Әзімбаева
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жеке көліктерге блок бекеттерден себепсіз шығуға рұқсат жоқ - Дария Әзімбаева](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120665039116301.webp)
Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева қалааралық автобустар мен көлік қозғалысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «1 мамырдан бастап әуе қатынастары іске қосыла бастады. Енді 1 маусымнан бастап теміржол қатынасы іске қосылмақ. Жолаушылардың денсаулығын қадағалау үшін ұшақтарда бортсеріктері, пойыздарда жолсеріктері қызмет көрсетеді. Ал қалааралық автобустың іске қосылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Сол сияқты жеке көліктерге де блок бекеттерден себепсіз шығуға рұқсат жоқ. Егер жағдай тұрақталса, қалааралық автобустар мен көліктердің қозғалысы іске қосылатын болады. Жеке көлікке дезинфекция жасау туралы айтатын болсақ, бұл жұмыс көлік қожайындарының өз құзырында. Егер көлік ішіндегі жолаушылардан коронавирус анықталған жағдайда ғана арнайы сервистік орталықтары сол көлікке дезинфекция жүргізеді», – деді ол.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)