00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізіліп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізіліп жатыр
ашық дереккөз

Астанадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 орта мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына тіркеу куәліктері салтанатты жағдайда табыс етілді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Қарулы күштердің, ауған соғысының ардагерлері мен мұғалімдер қатысты.

Бүгін тіркелгенім жайлы куәлік алдым. Шара әдеттегідей емес, өмірін Отанға қызмет етуге арнаған ардагерлерді, қонақтарды шақырумен өткені қандай жақсы. Бұл болашаққа жасаған менің алғашқы маңызды қадамым. Мектептен кейін жоғары оқу орнына түсіп, әскери кафедрада оқығым келеді, – деді 11-сынып оқушысы Әлихан Кенжеғали.

Қазіргі уақытта 2006 жылы туған жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жалғасуда. Осы шаралар кезінде жастар медициналық тексеруден өтеді. Егер қандай да бір аурулары анықталса, олар әрі қарай тексеруден өтуге және емделуге жолдама алады.

Жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 16-бабына, сондай-ақ Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Тіркеуде он жеті жасқа толатын ер азаматтар есепке алынады. Аталған шаралардың қорытындысы бойынша біз әскерге шақырылушылардың санын, олардың әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтаймыз. Олардың білім деңгейі мен дене шынықтыру дайындығын білетін боламыз, – деп түсіндірді Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ақжолтай Уәлиахметов.

Астанадағы Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері құрған тіркеу комиссиялары бұл жұмысты биыл қаңтардан бастап, наурыз айының соңында аяқтайды. Алдын ала деректер бойынша елордада 7 мыңға жуық азамат, ал республика бойынша 115 мыңдай азамат әскери есепке алынады деп отыр.