Елімізде жарыстар мен жаттығу жиындары қашан басталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде жарыстар мен жаттығу жиындары қашан басталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120658323967246.webp)
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев Қазақстанда жарыстар мен жаттығу жиындары қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Наурыз айында еліміздің бас санитар дәрігері карантин бойынша ұсыныстарын бергеннен кейін біз барлық деңгейдегі, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстың бәрін тоқтаттық. Одан кейін бүкіл оқу-жаттығу жиындары, сабақтар, балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы тоқтатылды. Панедмия әлі тұрақталған жоқ, сондықтан жарыстар әзірге өткізілмейді. Ал жаттығуларға вирус бойынша белгілі бір көрсеткішке қол жеткізілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Бұның бәрі бас санитар дәрігердің қаулыларына байланысты», - деді Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)