ТЖ режимінен кейін де сот жұмысы онлайн режимде жалғасатын болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖ режимінен кейін де сот жұмысы онлайн режимде жалғасатын болады
ашық дереккөз

ТЖ режимінен кейін де сот жұмысы онлайн режимде жалғасатын болады. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «COVID-19-ды сот ғимараттарында жұқтыру қаупін болдырмау және келушілерге, судьялар мен қызметкерлерге қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жергілікті соттар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің COVID-19 ауруының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы Қаулыны мүлтіксіз орындағаны жөн. Санитарлық-зарарсыздандыру режимін күшейту, дене температурасын өлшеуді жалғастыру, COVID-19 белгілері байқалған азаматтарды сот ғимаратына кіргізбеу ұсынылды. Сот ісін жүргізуге және сот жұмысына қатысы жоқ бөгде адамдардың сот ғимаратына кіруіне салынған тыйым әлі де жалғасатын болады. Себебі азаматтардың сот процесіне тікелей қатысуы COVID-19-дың таралу қаупін еселеп арттырады», делінген баспасөз хатшысының жазбасында. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент қашықтықтан жұмыс істеу форматының сәтті іске асуы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде IT-технологияларды қолданудың тиімділігін атап өткен болатын. Жинақталған оң тәжірибені ескере отырып, сот жұмысы онлайн режимде жалғасатын болады. Қылмыстық істер бойынша сот отырыстарын тараптардың қатысуымен сот ғимаратында өткізуге айрықша жағдайларда ғана жол беріледі. Процеске қатысушылардың материалдарды (істерді) сотқа электронды түрде ұсынуын бағыттау мақсатында хат мүдделі мемлекеттік органдарға да жолданды. Шағымдар, өтінішхаттар мен өзге де құжаттар «Сот кабинеті» сервисі арқылы, ал әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қағаз материалдар сканерленіп, электронды форматта жолдануы қажет. Соттарға мына санаттағы істерді: - адамдардың саны анықталмаған тобының, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж азаматтардың, еңбек ұжымдарының мүдделеріне және шектеу шараларына (карантинге) байланысты; - бұйрықтық және оңайлатылған тәртіпте жүргізілетін істерді; - жалақыны, алиментті өндіріп алу туралы талап арыздарды; - медицина қызметкерлерінің қатысуымен еңбек және өзге де дауларды жылдам қарау тапсырылды.