Елордалық полицейлер интернет-алаяқты қолға түсірді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық полицейлер интернет-алаяқты қолға түсірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120633236005646.webp)
Елордалық полицейле банктік карталардан ақша жымқырған интернет-алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 40 жастағы қала тұрғыны жәбірленушінің банктік картасының реквизиттері мен ЖСН нөмірін алдау-арбау арқылы біліп алған. Содан кейін ол реквизиттерді пайдалана отырып, интернет арқылы ттіркеу жазбасының паролін ауыстырған. Осылайша, банктік картаға кіру мүмкіндігіне ие болған алаяқ бірнеше мәрте транзакция жасап, картадағы ақшаны жымқырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды өте сақ болуға, СМС-парольді және банктік картаның CSV-кодын ешкімге, тіпті банк қызметкерлеріне де айтпауға шақырады. Айта кету керек, банк қызметкерлері ешқашан клиенттерге жеке ақпаратты анықтау жөнінде хабарласпайды. Егер ондай жағдай орын алса, бірден банкпен хабарласып, транзакция мен картаны блоктап, полицияға хабарлау қажет.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)