«Жеңіс əні» халықаралық онлайн-байқауында қазақстандық әнші бас жүлдені жеңіп алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жеңіс əні» халықаралық онлайн-байқауында қазақстандық әнші бас жүлдені жеңіп алды
ашық дереккөз

Байқау қорытындысы бойынша отандасымыз Артур Ким Гран-при иегері атанды. «Жеңіс əнін» Ресей Федерациясы Елшілігі мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы орысша сөйлейтіндер қауымдастығының Кеңесі, "Музыка Нова" халықаралық академиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Музыкалық байқауға 17 мемлекеттен 60 жас орындаушы қатысқан. Ал еліміздің атынан 10 өрен өнер көрсетті. Онлайн-байқау қорытындысы бойынша отандасымыз Артур Ким Гран-при иегері атанса, "Соло I" номинациясында (6-8 жас аралығында) Роберт Пугачев - екінші, Азалия Адылова мен Аля Куватова - үшінші орын алды. Сонымен қоса, Соло II" номинациясында (9-11 аралығында) Эля Куватова мен Бахром Оскаров, "Соло III" номинациясында (12-15 жас аралығындағы) Ақерке Əбдіқадірқызы, "Соло IV" номинациясында (16 жастан жоғары) Рашида Жогова мен София жəне Таисия Барановская дуэті екінші орын иеленді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық шабыт тіледі. «Сіздер өр рухты əндер арқылы жүрек қылын шертіп, жеңіс жолында жанын пида еткен ардагерлерге зор қошемет көрсеттіңіздер. Қазіргі əлемдік коронавирус пандемиясына қарамастан музыка күшімен отанға деген сүйіспеншілікті көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болдыңыздар. Осы байқау көмегімен мол тəжірибе жинап, қарым-қабілеттеріңізді шыңдай түстіңіздер», делінген министрдің құттықтау хатында.