ТЖ кезінде көші-қон қызметін бұзған шетел азаматтары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖ кезінде көші-қон қызметін бұзған шетел азаматтары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120651736137599.webp)
Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдайдың аяқталуына орай, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі орталығы 2020 жылғы 13 мамырдан бастап қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қайта бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Көші-қон мынадай қызметтерді бастайды: уақытша келуге рұқсатты рәсімдеу, еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсаттар беру және ұзарту, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға құжаттарды дайындау, Қазақстан Республикасыныңа азаматтығын қабылдау, шығару және қалпына келтіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза беру, қалпына келтіру және ұзарту», - деп жазады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Көші-қон қызметі орталығында мемлекеттік қызметтер күшейтілген санитариялық-зарарсыздандырылған және маскалық режимде көрсетілетін болады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)