БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда cыйақы төленеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда cыйақы төленеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120653543031785.webp)
Мемлекеттік кірістер комитетінің БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 12 мамырдан бастап қайта басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады. App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады», делінген хабарламада. 2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)